Алматыүйқұрылыс

Ыбраев Ерден Көпенұлы - "Алматыүйқұрылыс" Құрылыс компаниясы ЖШС-нің бас директоры

мамандығы: құрылыс-инженері, Қазақтың құрылыс-сәулет институты

қызмет тәжірибелері: 1971 жылдан бастап құрылыс саласында қызмет атқарып келеді , 1991 жылдан - компанияның бас директоры

Басқару құрылымы

"Алматыжилстрой" тресі 1954 жылы құрылып, 1993 жылы "Алматыүйқұрылыс" ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Өткен 50 жылдан астам уақытта кірпіш тұрғын үй салумен қатар, тұрмыста қажетті мектеп, аурухана, қонақ үйлер мен әкімшілік ғимараттары тек Алматы қаласында емес, еліміздің басқа қалаларында да бойларын көтерді.

Алматы қаласында 1 200 000 ш.м. кірпіштен тұрғын үй - "Самал", "Орбита", "Ақсай", "Жетісу" ықшам аудандарында салынса, 9 этаждық тұрғын үй кешендері Байзақов, Мұқанов, Толе би, Гоголь, Жібек жолы, Абылай хан және басқа да көшелерді құлпыртып тұр.

Əкімшілік ғимараттар – ҚР Президентінің аппаратының ғимараты, Ескі алаңдағы Үкімет Үйі, Қазақстан Ғылым Академиясы.

Əлеуметтік мəдени тұрмыс – М.Əуезов атындағы драмтеатры, Қ.Сəтбаев атындағы Политехникалық Университеті, Құрманғазы атындағы жасөспірімдер театры, ҚР Мемлекеттік тарихи мұражайы, 60 000 орындық жалпыбілімдік мектептер, Орталық клиникалық емханалар комплексі, «Алатау» кинотеатры, «Турист», «Достық» қонақ үйлері.

Біздің қоғам Астана қаласында:

  • бас прокуратура ғимаратын жаңарту;
  • Республика даңғылындағы 16 тұрғын үй фасадтар жаңғырту;
  • темір жол вокзалы ғимараттымен алаңын жаңарту;
  • Ішім өзінің жағасын қаптау;
  • "Мерует" мейрамханасын жаңарту;
  • "Сұңқар" қонақ үй құрылыс";
  • 60, 100 пәтерлік тұрғын үйлері әрлеу жұмыстарын жүргіздік.

Қызылорда қаласында Халық банкінің облыстық филиалы ғимараты, Шымкент, Түркістан қалаларының темір жол вокзалдары ғимараттары жаңартудан өткізілді. Ал Атырауда "Бизнес орталығы" ғимараты салынды.

Алматы қаласымен облысында:

  • Шамалған кешені мешетінің құрылыс;
  • Д.А.Қонаев атындағы мұражай жаңарту;
  • Шамалған кешені АТС құрылыс;
  • Білім және денсаулық ғимараттарын жөндеу;
  • Халық банкі бөлімі ғимаратын жөндеу;
  • Жетісу ауданы әкімшілігі ғимаратын жөндеу;
  • Әл-Фараби даңғылы бойындағы теннис қортының құрылыс жұмыстарын аяқтадық.

Алматыүйқұрылыс құралымында 5 құрылыс-құрастыру басқармалары бар. Басқармалар техникалық базамен және жоғарғы білімді тәжрибелері мол мамандармен жабдықталған.

Өндірістік қызметтер

003135 № Мемлекеттік лицензия бойынша Алматыүйқұрылыс қызметтерінің мәні болып табылатындар:

  • топырақ жұмыстары;
  • ғимараттардың екінші сатылы жауапкершіліктегі беріктік және қоршаулық конструкцияларын тұрғызу;
  • конструкциялар мен құрал-жабдықтарын қорғау жұмыстары;
  • құрылыс жұмыстарының барлық түрі;
  • ғимараттарды жөндеу, жаңарту және әлдендіру жұмыстары;
  • конструкциялар мен құрал-жабдықтарын әрлеу жұмыстары;
  • жол құрылыстарын жүргізу;
  • территорияны көркейту жұмыстары;
  • құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасын өзіндік бақылау;
  • инжинирингтік қызметтер.
ЖЫЛНАМА ШЕЖІРЕСІ

1 мамырда 1954 ж. – ҚазССР Министрлер Советінің №75 қаулысы бойынша №3 құрылыс басқармасының базасында Қаз ССР Министрлік тұрғын үй-азаматтық құрылыстарында «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресі құрылды.

20 қыркүйекте 1956 ж. – Қаз ССР Совминнің №617 қаулысымен «Алматы тұрғынүйқұрылыс» тресін Алматы қалалық советтік жұмысшы депутаттарының «Алматықұрылысбасқармасының» қоластына көшті.

2 тамызда 1976 ж. – ҚазССР күрделі құрылыс министрлігінің 113-бұйрығымен «Алматытұрғынүйқұрылысы» «Алмаатақұрылыс» тресінің құрамына кірді.

7 қаңтарда 1980 ж. – Күрделі құрылыс министрлігінің №1 бұйрығымен қайтадан «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресі Алмаатабасқұрылысының қоластына көшті.

29 қаңтарда 1990 ж. – ҚазССР Совмин №17 29.01.1990 ж. бұйрығымен «Алмаататұрғынүйқұрылыс» тресі Мемлекеттік акционерлік жалға беру жобалау-құрылыс бірлестігі «Алмаататұрғынүй құрылыс» деп құрылды.

17 тамызда 1993 ж. – МАЖЖҚБ «Алмаататұрғынүйқұрылыс» ААҚ «Алматытұрғынүйқұрылысы» болып қайта құрылды.

26 қаңтарда 2005 ж. – Алматы қалалық Əділет департаментінен берілген №68194-1910-ЖШС куəлігінің негізінде, ААҚ «Алматытұрғынүйқұрылысы» ЖШС құрылыс компаниясы «Алматытұрғынүйқұрылыс» деп қайта құрылды.

2003 ж. – СК «Алматытұрғынүйқұрылыс» Санк-Петербургтегі «Русский регистр» сертификаттау органынан ИСО 9001-2000 сертификатына ие болды.

"Алматыүйқұрылыс" акционерлік қоғамында ИСО 9001:2000 халықаралык сапа жүйесі келесі жүмыстардын түрлеріне еңгізілді:

  • жер жүмыстары;
  • үйлер мен ғимараттардың тіркеу және коршау қүрастырмаларын тұрғызу;
  • құрылыс құрастырмалары мен жабдыктарын қорғау жұмыстары;
  • әрлеу жүмыстары;
  • аумақтарды көркейту жөніндегі жұмыстары;
  • жөндеу - қүрылыс жұмыстары;
  • ғимараттарды жаңарту және құрастырмаларды нығайту;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі инжинирингтік кызметтер жасау.

Контактары

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 24
Телефоны: /727/ 274 04 88, 274 08 93
Факс: /727/ 274 77 33
ck_ajs@bk.ru
www.ajs.almatykurylys.kz
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Фурманов көшесі, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
nhc_ak@almatykurylys.kz
hkbag@nursat.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English