Алматымәденитұрмысқұрылыс

АБУОВ Ерлан Елеуұлы –
"Алматымәденитұрмысқұрылыс" акционерлік қоғамының бас директоры


Мамандығы:
құрылыс-инженері, Алматы құрылыс-сәулет институты

Қызмет тәжірибелері: 1968 жылдан бастап "Алматымәденитұрмысқұрылыс" акционерлік қоғамында құрылыс саласында қызмет атқарып келеді, 1990 жылдан "Алматымәденитұрмысқұрылыс" акционерлік қоғамының бас директоры, 2009 жылдың шілдесінен "Алматықұрылыс" Ұлттық холдинг компаниясының бірінші вице-президенті, "Алматымәденитұрмысқұрылыс" акционерлік қоғамының бас директоры.

Марапаттары: 1983 жылы ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы, 1986 жылы «Құрмет белгісі» ордені, 2000 жылы – "Ерен еңбегі үшін" медалі, 2001 жылы – ҚР Президентінің Құрмет Грамотасы, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасының Сәулет Одағының құрметті мүшесі, 2009 жылы – «ҚазҰУ 75 жыл» мерейтой медалі, 2009 жылы – «Даңқты құрылысшы» құрмет белгісі.


Компания туралы

"Алматымәденитұрмысқұрылыс" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы ірі құрылым мекемелерінің бірі.

Қоғамның негізгі жұмыс салалары тұрғын үй, әкімшілік, кәсіпорын, мәдени-әлеуметтік ғимараттарды тұрғызу, жөндеу және жаңарту қызметтері болып саналады. Сонымен қатар құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру және қаржылық, коммерциялық қызметтерімен де айналысады.

Біздер құрылыс салатын орынды алудан бастап пайдалануға дейінгі құрылыс қызметтерін толық меңгердік.

Еліміздің көп аймақтарында жұмыс істеп келеміз.

"Алматыкультбытстрой" тресі 1967 жылы құрылып, 1993 жылы "Алматымәденитұрмыс-құрылыс" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Қоғамның күнделікті кезектегі жұмыстарын Бас директор ұйымдастырып басқарады. Ол қоғамның қызметтері жөнінде Директорлар Кеңесімен акционерлердің жалпы жиналысы алдында жауап береді. Қоғамның бөліктемелерінің басшысын Бас директордың ұсынуымен Директорлар Кеңесі бекітеді.

Осы мерзімде қоғам құрылымында 12 филиал, жауапкершілігі шектелген серіктестер (ЖШС) және өкілдіктер бар.

Алматыда:

  • "Алматымәденитұрмысқұрылыс" ААҚ бас офисі
  • № 50 филиал-әрлеудейтін бөліктемесі
  • өндірісті-технологиялық толықтырмалық басқарма филиалы. Бұл басқармада ашық, жабық қоймалармен темір жол торабтары бар.
  • "Алатауқұрылыс" ЖШС - жалпы құрылыс жүргізуші бөліктемесі
  • "Ерке ЛТД" ЖШС - сауда үйлері
  • БЭФА-құрылыс - жалпы құрылыс жүргізуші бөліктемесі
  • Құрылыс материалдары және конструкциялар филиалы (КСМК-2) - құрылыс материалдарымен конструкцияларын өндіретін зауыт орналасқан.

Астанада:

  • өкілшілік
  • "Серт" ЖШС - әрлеудейтін бөліктемесі
  • "Серік" ЖШС - жалпы құрылыс жүргізуші бөліктемесі
  • "Өркен" ЖШС - әрлеудейтін бөліктемесі
  • "СК Нұркент" - әрлеудейтін бөліктемесі
  • құрылыс құралдары және материалдарымен жабдықтайтын темір жол торабтарымен ашық және жабық қоймалар базасы - "Астанастройснабсервис" ЖШС орналасқан.

Атырауда:

  • өкілшілік орналасқан.

Өткен 34 жылда біздің күшімізбен Алматы қаласының көркін одан әрі көркейтетін бірігей де сәулетті ғимараттар бой түзеді.

Атап айтсақ: Әуевокзал ғимараты, Қазақ Республикасы Мемлекеттік мұражайының ғимараты, Үкімет Үйі, Аппараты-студия кешені, Цирк ғимараты, Қастеев атындағы өнер мұражайы, "Әсем" тұрмыс үйі, Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университет кешені, "Алматы" қонақ үйі, Оқушылар сарайы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ғимараты, Студенттер сарайы, Медеу бөгеті, Радиотелевизиялық телескоптық мұнара және де көптеген денсаулық қорғау, сауда және білім объектілері салынды.

Соңғы мерзімдерде, жоғарғы абройлы мердігер дәрежесіне ие болған біздің қоғам, еліміздегі экономикасы көтерілуі жолындағы аймақтарында құрылыс жұмыстарын екпінді жүргізуде. Құрылысы біткен объектілер ел игілігіне деген қызметтерін атқарып жатыр.

Алматыда: Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы, Тәуелсіздік Монументі, "АЛСИ" фирмасының офисі, "Достық" спорт кешені мен Орталық стадионды жаңарту, бірнеше тұрғын үйлер, "Ілтипат" дүкені, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (ОКА) медициналық орталығы күрделі жөнделді.

Астанада: 196 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, 36 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, М.Гумилев атындағы Еуразия Университетінің ғимаратын жаңарту, "Лукойл-Мұнайгаз" компаниясының денсаулық орталығымен офисін жаңарту, Қ.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионды жаңарту, үйлер фасадтарын жаңарту, "Кегельбан орталығы", Қонақтар үй, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ресми Қабылдайтын үйі, "Қазақстан" спорт Сарайы (су жүзу бассейні мен мұз алаңы бар) құрылыс жұмыстары.

Атырауда: 80 тұрғын үй фасадтарын, Орталық "Мұнайшы" стадионы, Жантөрин атындағы облыстық филармониясын, Паталогоанатомиялық орталығы жаңарту жұмыстары бітірілді.

Ақтауда: Орталық "Мұнайшы" стадионың, "ЦентрКредит" банкінің ғимаратын жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Алдағы 2001-2002 жылдары Астанада Гумилев атындағы Еуразия Университетінің жатақханасы, Бараев көшесіндегі 80 пәтерлік тұрғын үй құрылыс жұмыстары, Астана қаласы әкімішілігінің көп көлемді құрылыс жұмыстары (Кувейт мемлекеті үкіметінің гранты бойынша жоспарларды іске асыру мақсатындағы), Сенат ғимаратының құрылыс жұмыстары (Сауд Аравия Корольдігінің гранты бойынша біздің халықаралық тедермен ұтып алған ғимаратымыз).

Алматыда "Медеу" спорт кешенін күрделі жөндеу және жаңарту, Медицина орталығының орталық ауруханасы, вагон жөндеу зауыты, "Ашытқышқы зауытын" ААҚ күкірт қышқалы қоймасын жаңарту жұмыстары.

Бұл жұмыстарды өз уақытында орындап, бітіру алдағы мақсат.

Өндірістік қызметтер

0044707 № Мемлекеттік лицензия бойынша Алматымәденитұрмысқұрылыс қызметтерінің мәні болып табылатындар:

  • ғимараттардың екінші сатылы жауапкершіліктегі беріктік және қоршаулық конструкцияларын тұрғызу (металдық конструкцияларды құрастыру және арматураларды орнату; темірбетондық, монолитбетондық конструкцияларды жайластырушылық; құрама-бетондық және темірбетондық конструкцияларды құрастыру; тастарды, кірпіштерді және блоктарды қалау; асбесбетондық, гипсобетондық, арболиттық, жеңілбетондық, полимерлік бұйымдарды орнату; жайларды экрандау және деформациялық жіктерді орнату; ағаштан істелген конструкциялар мен бұйымдарды орнату; әйнектеу);
  • конструкциялар мен құрал-жабдықтарын қорғау жұмыстары (құрылыс конструкцияларын судан оқшалау; құрылыс конструкцияларын жылудан оқшалау; жарылыспен өрт қаупісі бар өндірістерінен басқа құрыл-жабдықтары мен құбырлар желісін жылудан оқшалау; жарылыс пен өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерінен басқа құрылыс-жабдықтары мен конструкцияларын коррозия қарсы химиялық және басқа түрде қорғау);
  • конструкциялар мен құрал-жабдықтарын әрлеу жұмыстары (сылақшылау жұмыстары; едендерді орнату; қаптау жұмыстары; жаптыру жұмыстары; сырлау және түс қағаздарын жапсыру жұмыстары);
  • жоғарғы көрсетілген жұмыс түрлерін ғимараттарды жөндеуде жүргізу;
  • инжинирингтік қызметтер (мұшайраға жобалау саудасына, құрылыс және ғимараттарды жөндеуге қатысу мақсатында тендерлік құжаттарды дайындау; құрылыс жұмыстарын құралымыздағы бөліктемелермен және мердігерлік мекемелермен жүргізу; рұқсат құжайтарын дайындау; жобалау жұмыстарын техникалық сүйемелдеу; құрылыс-құрастыру жұмыстарын техникалық қадағалау; құрылыс тапсырмашысы функциясын атқару).

Өндірістік қуаттары

Алматымәденитұрмысқұрылыстың негізгі құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын өндіріс орны, темір жолдар торабтарымен ашық, жабық қоймалары, құрылыс техникасы мен механизмдері Алматы мен Астана қалаларында орналасқан.

Бүгінгі таңда, біздер құрылыс жұмыстарында тек қана алдыңғы технология мен материалды қолданамыз.

Біздің КСМК-2 төмендегі құрылыс материалдары мен конструкциясын шығарады: бетондар мен ерпелер; әр түрлі және өлшемді темірбетон конструкциялары; металдық бұйымдар; темірбетон конструкцияларына арматурлық бұйымдар; әр көлемді, түрлендірген тротуар тақталарын; алюминийден істелген бұйымдар; ағаштан істелген бұйымдар.

Біздің қоғамда жоғарғы тәжрибелі мамандар және сапалы құрылыс технологиясы қалыптасқан.

Бізбен серіктес болсаңыз жоғарғы сапалы құрылыс қызметтерімен және өз уақытында іске қосылатын ғимараттарға ие боласыз.

Контактары

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 20
Телефон: /727/ 274 78 59
Факс: /727/ 274 97 18
akbs_@mail.kz
www.akbs.almatykurylys.kz

Біздер болашықтың құрылыстарын тұрғызамыз.
Біздер еліміздің - Қазақстан Республикасының болашағын құрастырамыз!

 Компания туралы
 Сапа
Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Алматыүйқұрылыс
Алматымәденитұрмысқұрылыс
 Серт
 Алматыинжстрой
 Алматыстройтранс
 Қапшағайауырқұрылыс
 Құрылыс материалдары
 Алматыоблауырқұрылыс
 Қарағай
 Келешек
 Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс лабораториясы
 Капремпроект
 Казмонолитинвест
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Фурманов көшесі, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
nhc_ak@almatykurylys.kz
hkbag@nursat.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English