Алматыинжстрой


ШИН Бронислав Сергеевич - "Алматыинжстрой" акционерлік қоғамының директорлар Кеңесінің төрағасы

1946 жылы түған, ұлты корей, білімі жоғарғы - 1982 жылы Алматының халықшаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы - экономика және материалды-техниқалы жабдықтауды жоспарлау. Үйленген. Екі қызы және екі немересі бар.

"Алматыинжстрой" АҚ-да 1967 жылдың маусымынан қызмет атқарады. Еңбек жолын жұмысшы болып бастап, шебер, қызмет атқарушы, аға қызмет атқарушы, бас инженер, басқарма бастығы, трест бастығының орынбасары, трест басқарушысы қызметтерін атқарды.

1989 жылдың 23 мамырынан "Алматыинжстрой" акционерлік қоғамының бас директоры болып сайланды.

Б.С.Шиннің құрылыс саласындағы еңбегі Үкімет тарапынан бағаланды. Ол Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі грамотасы (1986 ж), "Жаңа елордасы Астана тұсаукесер" медалі (1998 ж.), "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен (2001 ж.) марапатталынды.

Б.С.Шин әлеуметтік, қоғамдық қызметерге өз үлесін қосуда.

Бірнеше жыл Алматыдағы корейлердің мәдениет орталығын басқарды. Қазір Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

ОРАЗБАЕВ Серік Есеркенұлы – «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамының бас директоры

1950 жылы туған, қазақ, білімі жоғары – 1973 жылы Қазақ Политехникалық институтын бітірген, білімі бойынша мамандығы- тау - кен инженері. Үйленген, екі ұлы бар.

«Алматыинжстрой» АҚ жүйесінде 1973 жылдың қыркүйегінен қызмет істеп келеді. Еңбек жолын механиктен бастап, прораб, участок бастығы, № 3 механикаландырылған жұмыстар филиалының бастығы, Атырау қаласындағы «Алматыинжстрой» АҚ өкілдігінің директоры қызметтерін атқарды.

2008 жылдың 28 наурызынан «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры қызметіне сайланды.

Оразбаев С.Е. құрылыс саласына қосқан үлесі үшін бірнеше рет «Алматыкурылыс» ҰХК АҚ, «Алматыинжстрой» АҚ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.

Оразбаев С.Е. Республика және қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады.

Қоғам туралы

"Алматыинжстрой" акционерлік қоғамы 1986 жылы "Алматыстроймеханизация" және "Алмаатапромспецстрой" арнайы трестерінің қосылуымен құрылған.

Қазіргі мерзімде Алматыинжстрой уақытқа сай керекті техника, құрыл-жабдықтармен толық құралданған ұтқыр құрылыс компаниясы. Бұл қоғамда мол тәжрибелі және білімді мамандар қызмет атқарады. Олар арнайы және жалпы құрылыс жұмыстарының күрделісінде көлемділігінде өз күшімен немесе бірлесіп атқара алады.

Көпсалалы "Алматыинжстрой" АҚ-ның құрылыс саласындағы тәжрибесі мол. Бұл жұмыстың салалары: көлік жолдарын салу және жаңарту; қала көшелері мен алаңдарын көркейту және жөндеу; су, лас сулардың жерасты құбылар жүйелері; инженерлік желілер құрылыстарын салу; скважиналарды бұрғылау; территорияларды көркейту жұмыстары; күл опыру және резервуарларды тұрғызу; коммуналдық шаруашылықтар орындарын салу.

Қоғамының құрылымы

Алматыинжстрой құрамында керекті зауыттар, теміржол торабтары, қоймалар еліміздің әр аймақтарында бар.

Қоғамның құрамында 20 филиал мен өкілдіктер Қазақстан бойынша бар. Алматыда - ФУМ, ФУМР-2, ФУМР-3, ФУМР-4, ФУМР-5, ФУМР-6, СУ-1, УПТК, ХРУМ орналасқан.

Алматыинжстрой ілгері экономикалық даму жолындағы Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында төмендегі ірі компаниялардың негізгі құралтайшысы. Олар: Астанада - "Компания АИС-АСТАНА" ЖШС, Оралда - "ПСФ Оралинжстрой", "НАКС" ЖШС, Ақтауда - "Строительная фирма Сафин и К" ЖШС, Ақтөбеде - "ПСФ Актобеинжстрой" ЖШС, Ақсайда - "Аксайинжстрой" ЖШС, Атырауда - "Атырауинжстрой" ЖШС, "Умит Атырауинжстрой" ЖШС, Алматыда - "Женис" ЖШС, "Казинжстрой" ЖШС, "Компания АИС-ИНВЕСТ" ЖШС, "АИС-СЕРВИС" ЖШС, "СПК" ЖШС, "УМР-1" ЖШС, "УМР-6" ЖШС.

Теміржол торабы мен қоймалары бар 2 асфальт зауыты (Атырау, Ақсай), кірпіш зауыты (Атырау), теміржол торабымыз (Алматы) бар.

Қоғамының өнідірістік орындары 25 136 т.м., қоймалары 5 868 т.м., жанармай қоймалары 1 175 тн құрайды, ал жалпы жер көлемі 26,24 га.

Біздің әріптестеріміз

"Алматықұрылыс" Ұлттық холдинг компаниясы құрамындағы барлық құрылыс компаниялары бізге өте танымал. Біздер "Алматы Пауэр Консалидейтед", "Зафер", "Филипп Морис", "Rehko Kat", "USKO интернейшел" фирмаларымен жұмыстас болдық.

Контактары

Тапсырысшылар мен мүдделілер бізді төмендегі мекен-жайларда табады.

"Алматыинжстрой" АҚ бас офисі:
050050 Алматы қаласы, Коммунальный көшесі, 12
Телефон: /727/ 233 04 60, факс: /727/ 233 05 91
aes-ao@mail.ru
www.aes.almatykurylys.kz

 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Фурманов көшесі, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
nhc_ak@almatykurylys.kz
hkbag@nursat.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English