Қапшағайауырқұрылыс

“ҚАПШАҒАЙАУЫРҚҰРЫЛЫС” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


“Қапшағайауырқұрылыс” тресі 1978 жылы Қазақ КСР құрылыс министрлігінің қаулысымен құрылды.

АЙСАУТОВ Мұхтар Қозыкенұлы - “Қапшағайауырқұрылыс” акционерлік қоғамының бас директоры.

Мамандығы: Алматы халық шаруашылығының институты, экономист, Рудный политехникалық институты, құрылыс-инженері.

Қызмет тәжірибелері: - 1976 ж. – “Кустанайводстрой” тресінің УПТК бастығы. 1978 ж. – “Тургайводстрой” тресінің бас инженері. 1980 ж. – Қазақстан Компартия Төрғай обкомының құрылыс бөлімінің басқарма орынбасары. 1984 ж. – з“Кустанайгражданстрой” тресінің бастығының орынбасары, бас инженері. 1990 ж. – “Алмаатаоблтяжстрой” тресінің бас инженері, у.м.а бастығы. 1991 жылдан “Капчагайтяжстрой” акционерлік қоғамының бас директоры.

Марапаттары: “Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 10 жыл” медалі, Торғай облисполком, Алматы облыстық акиматы, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс комитетінің құрмет грамоталары. Қапшағай қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген құрылысшысы.

НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ

“Қапшағайауырқұрылыс” тресі Қапшағай қаласында: екі балабақша; 9 қабатты екі тұрғын үй жəне “Қарттар үйін”, “Мылқаулар мен саңыраулар” интернатын, “Нан өнімдері” нысанын, “Робот” зауытын, “Қоршау қондырмалары” зауытын салды.

“Қапшағайауырқұрылыс” тресіне қарасты сегіз бөлімше: “Өнеркəсіпқұрылыс”, ЖБИ, УММ, ЖКХ, Автоба-за, “Қазақстан” ШЖК, “Еңбек” ШМК, “Вахта-құрылыс”.

1995 ж. Заречный елдімекеніндегі “Керамзит-шағал” зауыты іске қосылып, “Түрксіб” фирмасы құрылды. Солармен бір мезгілде Алматы облысы, Кеген ауданындағы Жалағаш ауылында 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

1991 ж. 16 млн. сомның (1991 жылғы құн бойынша) көлемді құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды.“Қапшағайауырқұрылыс” жұмысшыларының күшімен Қапшағайдағы “Котельная” жəне “Конючный” нысандары салынды.

1995 ж. Астана жəне Атырау қалаларында АҚ-ның Өкілдіктері ашылды. Астана қаласының Бараев көшесіндегі екі 9 қабатты тұрғын үй жəне 18-ші мөлтекаудандағы 5 қабатты тұрғын үй де осы трестің үлесінде. Олардың тапсырыс берушісі Астана қаласының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті. “Қапшағайауырқұрылыс” АҚ-ның күшімен 220 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

2002 ж. Жамбыл облысындағы Луговой (Құлан) бекетінің аумағында “Орман шаруашылыығының” əкімшілік ғимараты, 1200 орындық мектеп жəне 100 (жүз) пəтерлі тұрғын үй салынды. Бұл нысандарға тапсырыс беруші – “Жамбыл облысы əкімінің жер сілкінісінен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жөніндегі дирекциясы” болып табылады.

13.05.2005 ж. “Қапшағайауырқұрылыс” ашық акционерлік қоғамы “Қапшағайауырқұрылыс” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. “Қапшағайауырқұрылыс” акционерлік қоғамының құрамында Астана қаласындағы өкілдігі, Атырау қаласындағы өкілдігі, “Құрылыс сервис КТО”, “27 ПМК” жəне “Қапшағай-Құрылыс” фирмалары бар.

2005 ж. Астана қаласы бойынша 220 млн. теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды. Атырау қаласы бойынша 1-ші тоқсанда 320 млн. теңгенің жұмыс көлемі беріліп, 2006 жылға тұрғын үй құрылысын жүргізуге келісім-шарт жасалды.


Мекен-жайымыз:
050353, Қапшағай қаласы,
Сейфуллин көшесі, 36.
Тел/факс: 8 /727 72/ 4-61-18, /727/ 391 60 58
www.kts.almatykurylys.kz
 Компания туралы
 Сапа
Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Алматыүйқұрылыс
 Алматымәденитұрмысқұрылыс
 Серт
 Алматыинжстрой
 Алматыстройтранс
Қапшағайауырқұрылыс
 Құрылыс материалдары
 Алматыоблауырқұрылыс
 Қарағай
 Келешек
 Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс лабораториясы
 Капремпроект
 Казмонолитинвест
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English