ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
БІР СӘТ БИЛЬЯРД ОЙНАДЫ
Sport & KS № 59-60 (4488) Вторник 25 июля 2006 года

«Алматыкурылыс» Ұлттық холдинг компаниясы АҚ – еліміздегі аса ірі, беделді компаниялардың бірі. Аталмыш мекеме қанатын кеңге жайып келеді. «Біз жасампаздық еңбек үшін өмір сүреміз!» деп ұрандатқан компания құрылысшыларлары жемісті жұмыстарын абыройлы атқарумен қатар, спортпен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды өз міндеттері санайды. Оның айғағы, холдинг құрылысшылары мен инженер-сәулетшілері қолдары қалт етсе бильярд ойнап, сергіп, ара-тұра жарыстар ұйымдастырып тұуды дәтүге айналдырған .

«Алматықұрылыс» компаниясы ұйымдастырған осындай жарыстардың бірі, «Алматықұрылыс» ҰХК қызметкерлері арасындағы бильярд ойынынан жеке біріншіліктің финалы қаламыздағы белгілі спорт-сауық кешені «Метрода» өтті. Жарыс аталмыш ұйымының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында үйымдастырылған. Бұл сайыстың мақсаты – компания қызметкерлері арасынан сүйікті бильярд ойынының хас шебері кім екенін анықтау. Бұған дейін акционерлік қоғам құрамына кіретін барлық ұжымдарда ішінара сайыстар ұйымдастырылып, финалда ойын көрсететіндердің есімдері анықталған болатын. Әні-міні дегенше нағыз мықтыны анықтайтын күн де жетті. Әр ұжымның шеберлері жиналған ақтық сын тамаша ойын өрнегімен ерекшеленді. Жарысқа жиналғандардың бәрі мықты, шеттерінен шебер ойнайды екен. Осылардың ішінен үздіктерді іріктеу әділқазы алқасына оңайға соқпады. Дегенмен, «жүйріктен жүйрік озады» деген рас, жарыс соңында қарсыластарының қақпайлағанына көнбеген мықтылар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Атап айтсақ, жүлделі бірінші орын Алдияр Омаровқа бұйырды. Екінші орынды Юрий Ча алса, үшінші орынды Құсайын Омаров иемденді. Ынталандыру сыйлығы саналатын төртінші орын Алексей Коротковтың еншісінде. Бір қызығы, әкелі-балалы Омаровтар жүлделілер кестесінен ойып тұрып орын алып, отбасымен бильярд ойынының құмартушысы екенін дәлелдеді. Олар:
- Жұмыстан шаршаған кезде сәл бильярд ойнасаң, сергіп, тынығып қаласың, шаршағаның әжептәуір басылады, – дейді.

Бұл «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясының ұйымдастырып отырған соңғы іс-шарасы емес, компания ұжымы болашақта шахмат, футбол, волейбол, баскетбол, т.б спорттық ойындардан жарыстар өткізуді жоспарлап огыр.

Кәмшат ЫСҚАҚОВА
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English