ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
ЖАРЫС ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
Sport & KS № 63-64 (4492) Вторник 8 августа 2006 года

Газетіміздің откен санында еліміздегі беделді қурылыс компаниясы «Алматықурылыс» Ұлттық Холдинг АҚ-тың 50 жылдық мерейтойына байланысты түрлі жарыстар өтіп жатқанын айтқан болатынбыз. Енді аталмыш ұйымның тарихына коз жугіртсек. Тарихы сонау 1956 жылдан басталған «Алматыкурылыс» компаниясы қазір аса ірі, танымал ұжымга айналған.

ҚР Президентінің резиденциясын, Тәуелсіздік монументін, «Қазақстан», «Жетісу», «Алматы», «Рахат Палас» қонақ-үйлерін, әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ, «Рахат» кәмпит зауыты, Гумилев атыңдағы Еуразиялық Ұлттық университет, К.Байсейітова атындағы опера және балет театры, «Қазақстан» спорт сарайы сияқты бірнеше ірі құрылыстармен қатар бірқатар мектеп, типография, балабақша тұрғызған бұл компанияның болашағы зор деп ауыз толтырып айтуға болады. Еңбек пен спортты қатар алып жүрген компания қызметкерлері біраз күн бұрын компанияның мерейтойы құрметіне арнап, бильярд ойынынан жарыс ұйымдастырып, үздік ойыншыларын анықтаған болатын, сол бастама еңді өз жалғасын табуда. Жақында орталық стадион аумағындағы жабық манежде «Алматықұрылыс» компаниясының қызметкерлері арасында шағын футбол жарысы өтті. Жарысқа аталмыш компанияның «Алматыжилстрой» АҚ, «Алматыгорстрой»АҚ, «Алматыкультбытстрой» АҚ, «Алматыжилстрой» АҚ, «СЕРТ» АҚ, «Алматыстройтранс» АҚ, «Алматыоблтяжстрой»АҚ, «Рахат» ҚП, «Жәрдем» ЖШС және сол сияқты он төрт бөлімшесінен бірнеше команда жиналды. Ертеңгісін тоғызда басталған жарыс кешке дейін созылды. Шыны керек, футбол додасы өте тартысты өтгі. Әр команда өз бөлімшесінің намысы үшін ақ тер-көк тер болып, «қайтсе командам алға шығады?» деп барын салып ойнады. Түс ауа үздік командалар іріктеліп, жартылай финалда ойын көрсететін комаңдалар белгілі болды. Жартылай финалда ойын көрсеткен «Рахат» АҚ КАСП пен «Алматыгорстрой» МАК жақсы ойын көрсетті. Есеп – 7:2. Жеңіс – «рахаттықтардың» еншісінде. Екінші ойын көрсеткен «Алматыинжстрой» МАК пен «Алматыкультбытстройдың» ойындары көрермен көңілінен шықты. Жеңіс жалауын 7:2 есебімен «Алматыинжстрой» АҚ көтерді. Еңдігі кезек – нағыз мықтыларды анықтайтын ақтық сында. Алаңға жартылай финалда «Рахат» АҚ КАСП командасы мен «Алматыинжстрой» АҚ шықты. Тартысты ойын деп осыны айт. Екі жақ та барын салды. Жарыстың аты жарыс. Жарыс болған соң, бірі қалып, бірі озуы заңды. Жарыс нәтижесінде жүлделі бірінші орын өздерінің мықты екенін көрсете білген «Рахат» АҚ КАСП командасына бұйырды. Екінші орынды «Рахаттан» 4:3 есебімен жеңіліс тапқан «Алматыинжстрой» еншіледі. Үшінші орынды «Алматыгорстрой» иемденсе, төртінші орынды «Алматыкультбытстрой» қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға «Алматықұрыпыс» ҰХК ұжымы арнайы кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Жарыс бітіп, спортшылар бірін-бірі құттықтағаннан кейін жеңімпаз атанған «Рахат» командасының капитаны, «Рахат Транссервис» ЖШС бөлімшесінің вице-президенті Құрманғали Жұмалиевпен тілдескенімізде:
– Біздің бөлімшенің құрылғанына он екі жылдай уақыт болды, содан бері біздің ұжымның қызметкерлері кем дегенде аптасына бір рет спорт залына барып, түрлі спортпен айналысуды әдетке айналдырған. Міне, соның нәтижесі бүгінгі жарыста бас жүлдені алдық. Бұл біздің бөлімшенің үлкен жетістігі деп білемін. Футбол – өмір, футбол – спорт, футбол – денсаулық, футбол керек нәрсе. Өйткені футбол ойынын бүкіл әлем мойындағанын бәріміз жақсы білеміз. Енді Құдай қаласа, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырының алдыңғы сатысынан көрінеміз деген үміттеміз. Холдингтің 50 жылдық мерейтойына арнап осындай түрлі жарыстар үйыдастырылғанына өте ризамыз. Бұл компания қызметкерлерінің бір сәт болса да серігіп, демалуына үлкен себеп болды, – деп ағынан жарылды.
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English