ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
ЖАРЫСТЫҢ ЖАЛҒАСЫ
Sport & KS № 65-664 (4494) Вторник 15 августа 2006 года

«Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг АҚ өзінің елу жылдык мерейтойына орай өткен аптаның демалыс күндері «Қапшағайтяжстрой», «Алматыоблтяжстрой», «Алматыгорстрой», «Алматыкультбытстрой», «Серт», «Рахат», «Алматыстройтранс», «Алматыинжстрой» бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Қапшағай су қойнауында жағажай волейболы, бір орындық кайықта есу, екі орындық қайықта есу, арқан тартысу сияқты бірнеше спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.

Жарысқа жиналған барлық холдинг қызметкерлері команда-команда болып сап түзеді. Жарысты «Алматықұрылыс» компаниясының маркетинг жөніндегі басқарма бастығы Сүлеймен Булешов салтанатты түрде ашқаннан кейін, сайысқа қатысушы барлық спортшы топырлап көлге қарай бет алды. Жарыстың әлқиссасы волейбол болды. Таза су жағалауы мен самал желдің өтінде бәсекеге түскен компания қызметкерлері доп додасын дөңгелетіп ала жөнелді. Жарыс жалғасын бір орындық қайықта есу, екі орындық қайықта есу, арқан тарту ойыңдары жалғастырды. Осы бәсекеге түскен спортшылар ескектерін жылдам-жылдам қармап, бірі озып, бірі қалыс қалып жатты. Іштерінде қайықпен ауып кетіп жатқандары да болды. Қарсылас командалардың жеңіске жету жолында барын салып жүргенін, аптап ыстықты елемей, волейбол ойнап, үлкен-кішісі жабылып арқан тартысқанынан байқауға болады. Олар ыстықтарын басу үшін ойын арасында көлге барып шомылды. Сонымен компания қызметкерлерінің бірі қалмай ат салысқан айтулы жарыс ымырт ала өз мәресіне жетті. Нәтижесінде сайысқа түскен командалар арасынан жақсы ойын көрсетіп, ойынның әр түрінен ұпай санымен алға шыққан мықтылары іріктелді. Сайыстың барлық түрінен үздік деп танылған «Алматыоблтяжстрой» командасы жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Екінші орынды сол әлсіздік танытқан «Қапшағайтяжстрой» еншілесе, үшінші орын «Серт» командасына бұйырды. Ал жеңімпаз командаларға арнайы Кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жарыстан шаршап келген спортшылар мен жарыстың басынан аяғына дейін жүріп, тамашалаудан жалықпаған журналистерге кешкі ас берілді. Кешкі астан кейін жарысқа жиналғандардын барлығы арнайы жағылған алауды айналдыра отырып, жарыс жалғасын ойын-сауық мерекеге айналдырды. Қолдарына гитара алып, бард стиліндегі ән сайысына түскен әншілерді қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайтын ақындар іліп әкетіп, өзара айтыса жөнелді. Кеш қызығы мұнымен біткен жоқ, жарысқа қатысушылар ай сәулесі жарқыраған көл жағасы мен салқын ауадағы алау жанында ән салып, би билеп, көңіл көтерді. Жарыстың екінші күні тек демалуға арналып, шаршаған спортшылар шомылып, күнге қыздырынды. Жоспарланған жарыс мұнымен біткен жоқ. Компания қызметкерлері болашакта волейбол, дойбы, шахмат, т.б спорттық ойындардан жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Кәмшат ЫСҚАҚОВА
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English