ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
ЕЛУ ЖЫЛ БОЙЫ ЕЛДІ ЖАҢҒЫРТҚАН...
Айқын апта, № 175 (627), 21 қыркүйек, бейсенбі, 2006 жыл

Жұмабек ЖАНДІЛДІН

Еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларын біріктірген «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компаниясының негізі 1956 жылы қаланған болатын. Содан бері міне, жарты ғасыр уақыт өтіпті. Қазір он мыңнан астам адамға жұмыс беріп отырған ең ірі құрылыс компаниясы о баста «ГлавАл-маатастрой» мемлекеттік кәсіпорны деп аталған. 1990 жылы Республика Министрлер Кеңесіне қарасты құрылыс жөніндегі аймақтық бас басқарма болып қайта құрылды. Ел егемендігін жариялап, жоғары биліктегі қайта құрылулар басталған шақта кәсіпорын «Алматықурылыс» ұлттық холдингтік компаниясы болып жаңарып шыға келді. Осынау іргелі ұжымның жасы биыл елуге толады екен. Осы уақыт ішінде атқарылған істерді санап шығу қиын. Дегенмен мәліметтерді іріктер болсақ, онда төмендегідей көрсеткіштер көзге бірден тұсер еді. 13 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 181 мың оқушыға арналған мектептер, 75 мыңнан астам сәбилік бала бақшалары, 3 мыңнан астам кереуеттік аурухана, тәулігіне 16 мың сырқатты қабылдайтын емхана құрылыстары. Міне, осы мекемеде жұмыс істегеңдер мен қазір де жұмыс істеп жүргендер қольмен тұрғызылған ғимараттар!

Алматының, сондай-ақ Республикадағы көптеген облыс орталықтарының небір сәулетті ғимараттары «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компания-сының туыңдысы. Олардың ішіңде «Қазақстан» қонақүйі, Республиканың мемлекеттік тарихи мұражайы, М. Әуезов атындағы драма театр, Үкімет үйі, ҚР Президенті резиденциясы, Неке сарайы, Цирк үйі секілді тамаша туындыларды айтуға болады.

Ел егемендігін алғаннан бергі кезең ішіңце компания құрылысшыларының қажырлы еңбегінің арқасыңда Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясы, Алматыдағы «Рахат-палас» қонақүйі, «Салтанат» сарайы қабылдау үйі, Қазақстан «Спорт» сарайы, Астана қаласындағы әкімдік және сенат үйлері, Қазақстан Республикасы егемендігінің монументі, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған моңумент секілді небір тамаша дүниелерді өмірге әкелді. Бұлардың сыртында «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компаниясының мындаган тұрғындарға пәтер немесе жеке жайлы үй салып бергені баршаға аян. Осы орайда ерекше айта кететін жайт, компания тұрғызған уйлер мен ғимараттарға небір сұңғыла сын көздер ешқашан да кінә таққан жоқ. Бұл компанияда еңбек етіп жүрген қарапайым құрылысшыдан архитекторларға, инженер-техник қызметкерлерден басқарушыларға дейінгі аралықтағы тұтас ұжымның кәсіби білікті-лігінің нөтижесі болса керек. Осындай артықшылықтары өз бағасын алды да. 2002 жылы компания сапа менеджменті жүйесіндегі SGS Switzerland SA аудиттік сертификациялау тексерісінен өтіп, ІSО 9001:2000 халыкаралық стандартына лайық деп танылды. Компанияның президенті, жалпақ елімізге жақсы таныс, ұлтжанды біртуар азамат Аманкелді Ермегияев:

– Осынау істердің бәрі қарапайым құрылысшылардың, инженер-техник қызметкерлердің, архитекторлардың біліктілігінің және ұйымшылдығының, іскерлігінің жемісі. «Алматықұрылыс» ұлттық ходцингтік компаниясыңда 14 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік біріккен. Компанияның бес басшысы «Жасампаз құрылысшы» құрметті атагына ие болғандар. 2001-2003 жылдардағы пайдалануға берген ғимараттарына халықаралық архитектура академиясы Мәскеу бөлімшесінің жүлдесін жеңіп алып, «Ең жақсы құрылыс компаниясы» деген құрметті атаққа ие болды, – дейді. Компания президентінің әңгімесінен оның уақыт озған сайын өзі де жаңғырып келе жатқанын білдік. Қазіргі кезде «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компаниясының барлық бөлімшелері осы заманғы озық тех-никамен, технологиямен жарақтанған. Компания басшылығы бұл орайда бәсекелестікке қабілетті өнім бере алатын ұжым болу үшін инвестицияны жүздеген миллион теңгелеп салып жатыр. Бүгінгі жеткен жетістіктері көрегендік бастамалардың жемісі екенін үлкен үжым мүшелері бір ауыздан мойындайды. Компания құрылыс салып қана қоймай басқа да көптеген игілікті істермен айналысады. Құрылыс жобалатып алғыңыз келсе немесе құрылыс материалдарын қажетті жерге жеткізіп алғың келсе, осында келіңіз. Көмек дайын. Ал кәсіпорын шығаратын өнімдер тізімі былайша өрнектеледі: 35 тұрлі құрғақ қоспалар; тауарлы бетон; кірпіш, тротуар плиткалары, жылу өткізбейтін материалдар, есік-терезе кәсектері, төбежапқыш черепица мен бөренелер, құрастырмалы темір-бетон бұйымдары, т. с. с. Компанияның 10 өндірістік нысанына теміржол барады. Негізгі өндірістік көсіпорындар жайлы айтар болсақ, ауызға бірінші ілігері «Алматықалақұрылыс» АҚ. Мұнда жылына 2-3 миллиард теңгенің өнімі шығарылады. Сондай-ақ «Қарағай» акционерлік қоғамының қуаты 100 мың шаршы метрлік дайын бұйым шығаруға жеткілікті. Ал «Құрылыс материалы» АҚ жылына 60 миллион дана күйген кірпіш шығарады. Сонымен бірге жылу сақтайтын минерал талшықтан жасалған плиталардың 150 мың текше метрін дайындайды. «Серт» АҚ зауыты болса, құрылыс үшін пайдаланылатын құрғақ қоспалардың 35 түрін 100 мың тоннаға дейін немістің «KNAUF» фирмасының жабдығымен шығаруға машықтанған. Атыраудағы асфальт зауыты тәулігіне 2000 тонна өнім бере алады. Осындай толып жатқан жұмыстарды жүргізіп жүрген компания «Қазақстан құрылысшылары ассоциациясының» өмірге келуіне ұйытқы болды.

Елу жылдан бері елді жанғырту секілді ғанибет іспен айналысып келе жатқан компания құрылысшылары демеушілік секілді гуманитарлық бағыттағы істерде де ерекше көзге көрініп жүр. Мұңдай мақсатқа компания жыл сайын 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауының өзі біраз жайдан мағлұмат бергендей. Ал ұжымның басшысы Аманкелді Дінұлы Ермегияев мырзаны Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылы «Мәдени және гуманитарлық салаға мейірімділік пен демеушілік қызметі үшін» құрмет дипломымен марапаттады. Мұндай жоғары марапатқа ие болған компания 2003 жылдың 23 мамырында Жамбыл облысында болған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақ тұрғындары үшін 1200 окушылык мектеп, 40 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жаңадан салып берді. Халқымыздың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы мектепке тегін күрделі жөндеу өткізіп, әр оқушыға спорт киімдері, оқу құрал-жабдыктары сыйға тартылды. Волейболдан Республика құрамасының негізін қалайтын қыздар-дың «Рахат» клубына демеушілік жасауды компания құрамына енетін «Рахат» бірлескен көсіпорны толық өз мойнына алған. Үлттық ат спорты клубын да қаржыландыру компанияның мейірімділік шараларының бірі. Компания құрылысшы, инженер мамандығына оқитын талантты жастарға гранттар мен атаулы шәкіртақы тағайыңдаған. Консерватория мен Көркем театр институтының студенттері үшін де ай сайынғы арнайы шәкіртақы бөлінген.

2005 жылы Швейцарияның «Қызмет тәжірибесіндегі жоғары сапа үшін» алтын медалімен марапатталған компания президенті А. Ермегияев мырза былай дейді:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республиканың бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарында болу үшін күресетінімізді мәлімдегені белгілі. Осынау жалпыхалықтық қозғалыста алдыңғы сапта болу парызымыз. Демек, осы уақытқа дейінгі елу жылда тындырған ісімізден алда күтіп тұрган жұмыстар жауаптырақ. Осындай ерекшелікті сезіне отырып, санды молайтып, сапаны жоғарылатайық деген ұстаныммен жұмыс істей береміз.
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English