ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
ҚҰРЫЛЫС – ЕЛ АЖАРЫ
Қазақ әдебиеті, № 38 (2990), 22 қыркүйек – 28 қыркүйек, жұма, 2006 жыл

Еркін ЖАППАСҰЛЫ

Қазіргі заманда елдің де, елдіктің де еңсесін асқақ танытатын әлемдік ең озық өркениетке ұмтылған сол мемлекеттің астаналары мен бас қалалары. Яғни көк тіреген сәулетті де зәулім құрылыстарынсыз ешбір елді де және ол елдің мәдениетін де көз алдыңа елестете алмайсың. Іргеміздегі Ташкентті көріп өзбек ағайындардың, қол созымдағы Мәскеу, Ленинград қалаларына көз жүгіртіп орыс көршілердің, Парижді тамашалап француздардың, Нью-Йоркты қызықтап жүріп американдықтардың кешелі-бүгінгі тарихынан сыр суыртпақтап, кеңге құлаш жайған өркениетімен танысасың. Сәулеті көз жауын алған құрылыстар мен әсем ғимараттар әр халық, әр ел, әр ұлт тілінде “сөйлеп”, шежіре шертеді. Ендеше, Қазақстанның кез келген ірі-ірі қалаларындағы шығыстық үлгідегі сән-салтанатты құрылыс нысандары да мемлекеттің ұлттық бет-ажарын айқындайтыны даусыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі таңда жарты ғасырлық тарихын еншілеп отырған “Алматықұрылыс” ұлттық холдинг компаниясы акционерлік қоғамының халқымызға өркениеттік тұрғыдан ғана емес, ел экономикасын өркендетуге қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Алғашқыда, 1956 жылы “Главалмаатастрой” мемлекеттік кәсіпорны болып құрылған бұл компания 1990 жылға дейін Республика Министрлер Кеңесі жанындағы құрылыс жөніндегі Бас территориялық басқарма атана жүріп те қазақ елінің сол кездегі жүрегі – Алматы шаһарын көркейтуге қолда бар барлық мүмкіндіктерді жұмылдырған еді. Ескі алаңдағы Орталық Комитет ғимараты, алтын тәждері күнмен шағылысқан “Қазақстан” қонақ үйі, ұлы ата – Абай даңғылының қос қапталын жарыстыра, жарқырата, ансамбль жасай көріктендірген Спорт сарайы, Орталық стадион, Неке сарайы, Орталық Цирк, Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театр ғимараты - толып жатқан ұлт айшығын айғақтап тұрған құрылыстар сол уақыттың жемісі болатын.

Еліміз азаттыққа қол жеткізген соң Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел экономикасын қарқынды дамытуға “БІз құрылыс салу үшін өмір сүреміз” ұстанымымен кіріскен “Алматықұрылыс” ұлттық компаниясы республика өңірінде қанатын кеңге жайды.

Күні бүгінге дейін өркені өсіп келе жатқан Алматы шаһарындағы тұрғын үйлердің 13 миллион шаршы метрі, барлығы 181 мың оқушыны қамтитын мектептер, 75 мыңнан астам бүлдіршіндерді тәрбиелейтін балабақшалар, 3 мың төсектік ауруханалар, 16 мыңға жуық ауруларды емдейтін емханаларында “Апматықұрылыстың” құрылысшылары мен инженерлерінің, архитекторлары мен жұмысшыларының күшімен сәулет құрған. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясын, Оқушылар сарайын, Мемлекеттік Орталық мұражайды тағы қосыңыз. Жалпы Алатау баурайына орналасқан әсем қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен мәдениет ошақтары, алып өндіріс, өнеркәсіп кешендері, үлкен алаңдар осы компанияның салған құрылыстары. Мұнда олардың жұмысшыларының қолтаңбасы жоқ ғимараттар мен тұрғын үйлер саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан Алматыны “Алматықұрылыс” тындырған жұмыстардың айнасы да айғағы деуге болады.

Компанияға Республика астанасын жаңа елдімекенге көшіру науқаны да аса жауапты міндеттер жүктеді. Бәрін де абыроймен атқара жүріп, жаңа астананың ұлттық айшық-нақышы алыстан “мен мұндалайтын” кешенді құрылыстары мен әр алуан ғимараттарын салуда да “Алматықұрылыс” озық үлгі танытты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, құрыльс – ел экономикасының қозғаушы күші екенін компания жұмысшылары мен қызметкерлері істеген іс, ағызған маңдай терлерімен дәлелдеді. Мәселен, Астанадағы ұлт рухын асқақтататын Ресми қабылдау үйіне, мерейлі де мерекелі мекен – “Салтанат сарайына”, сәні келіскен Сенат үйіне, көркі көз сүйсіндірген әкімшілік үйіне, жігеріңді жанып, қуатыңды қайрайтын “Қазақстан” Спорт кешеніне көз салыңыз. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына, болмаса Қазақ Ұлттық Музыка академиясына еніңіз, жүрегіңізден жыр толқып, күй ағытылады.

Әлеумет қайда, әлеумет дейаз ғой. Иә, тұрғын үй салу “Алматықұрылыстың” ең үйреншікті жұмысы. Есіл өзенін жағалай жөнелсеңіз ауласы жарқын болашақ – жастарға толы көп пәтерлі үйлерге, “Молодежный” ықшамауданына, бой сергітіп, Ә.Бөкейханов көшесін аралай қалсаңыз, асқақ еңселі ғимараттар көз жауын алып, Астана қаласының кез келген бұрылыстарына мойын бұрсаңыз – “Алматықұрылыстықтардың” іскерлік қолтаңбасы алдыңнан шығады.

Оң мыңнан астам сәулетші, құрылысшы, инженер қауымының басын біріктіріп отырған “Алматықұрылыс” 2005 жылы Швецарияның Женева қаласында өткен Халықаралық құрылысшылар байқауының “Іскерлік тәжірибедегі аса жоғары сапа үшін” Алтын медалын еншілеп, сондай-ақ Халықаралық Сәулет академиясының Мәскеудегі бөлімшесінің “Ең үздік құрылыс компаниясы” атағы мен “Хрустальный приз” сыйлығын жеңіл алуға қол жеткізулері, әрине, жанкешті еңбектің арқасы. Құрыпыс – құймадан басталады демекші, құрғақ қоспалардан әсемдеп-өрнектеу материалдарына дейін өздері өндіретін “Алматықұрылыстың” ұнтақтарының да өзгелерге ұқсамас ерекшеліктері бар. Монолиттік, полимерлік қоспаларының сапасы еуропалық стандартқа сай дайындалады. Қайсыбір құрылыс кәсіпорындарында пайдаланылатын екі сантиметрлік қалыңдықтағы сылақтар орнына 1-3 миллиметрлік жақпалар қолданылуы кез келген құрылыс пен құрылыс кешенінің әрін кіргізетіні даусыз. Осындай сапалы ұнтақтардан алып бетон құймаларына дейін өрімдік сымтемірлерден қадалық арматураларға дейін барлық қажеттіліктерді өздері өндіретін компанияның өз сапасында ел экономикасына қосқаны да, қосары да мол. Осының бәрін атқарып жатқан күш-қуаты Қазақстанның кез келген аймақтарына лайықты, күрделі құрылыс-құрау жұмыстарын қысқа мерзімде тас-тұйін ететін “Алматықұрылыстың” Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы базаларының жұмысшы-мамандары. Аспанмен астасқан ғимараттардың сәулеттік, дизайндық келбетін шығыстық нақышта көріктендіретін, қайсыбірін күрделі жөндеуден өткізетін де, қайта жабдықтайтын да компанияның салалық құрылымдары.

Іскерлік – іскерсіз жүзеге асырылмайды. Олай болса, барлық жұмыстың бір қолдың саласындай бір орталыққа үйлестіре жүйеленіп отырылуы компания президенті Амангелді Ермегияевтың ұзақ жылдық өмір тәжірибесінің жетістігі. Нарық талабын ертерек парықтап, жұмыс барысында әлемдік стандартқа сай іс атқаратын жаңа сапалы техникалар мен технологияларды дер кезінде қабылдап, сәулетші, инженер-мамандарды уақыт ырғағынан қалыс қалмауға батып түрде баули білген басшы 14 бөлімшесінің салалық жұмыстарын ертерек еншілеп берген. Жоқты бар етіп, барды молайтуға бүкіл мамандарын жұмылдыра білетін оның Қазақстандағы әріптес компаниялар мен Халықаралық бәсекелес компаниялар арасындағы тендерді жеңіп алу арқылы құлашын кеңге жаюы экономикапық табыс көзін бұрынғыдан да молайта түсуде. “Алматықұрылыстың” қазіргі өндіріс қуаты кез келген қиындықтарға қарамастан республиканың кез келген аймағында құрылыс-құрау жұмыстарын жедел жолға қоюға мүмкіндік туғыза алады.

Апат айтып келмейді. 2003 жылғы Жамбыл облысында болған жер сілкінісі жергілікті халықты аса көп зілзалаға ұшыратты. Осы тұста табиғат апатынан жапа шегушілерге уақтылы қол ұшын берген де осы “Алматықұрылыс”. Бауырындағы балаларын шулатып баспанасыз қалғандарға қысқа мерзім ішінде 40 мың шаршы метр тұрғын үй салып, 1200 оқушыға лайықталған жаңа мектеп тұрғызумен бірге, құлаған 900 оқушылық мектепті күрделі жөндеуден өткізді. Осы облыстың Луговой станциясындағы қазақтың туңғыш космонавы Тоқтар Әубәкіров атындағы мектепті де күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа ішкі жабдықтармен жабдықтап, әрбір оқушыны мектептік және спорттық киімдермен қамтамасыз етіп, оқулықтар мен кеңсе тауарларын да сатып әперген Амангелді Дінұлы басқаратын “Алматықұрылыс” компаниясы болатын.

Міне, бұл – Әбекеңнің құрылыс компаниясын алға тарта отырып, қапылыста қиналган жұртшылыққа жасаған қайырымдылығының мыңнан бір бөлшегі ғана. Халық, мемлекет алдындағы қызметін іскерлікпен үлкен кәсіпкерлікке ұластырған Амангелді Дінұлы қазір халқының арқа сүйер тұлғалы Азаматына айналған.

- “Алматықұрылыс” ұлттық холдинг компаниясы акционерлік қоғамының шаңырақ көтергеніне 50 жыл толу салтанатына орай, әсем Алматының Студенттер сарайында өткен сенбі күні тыңдармандарды ерекше бір сүйінішке бөлеген республикамыздың түкпір-түкпірлерінен жиналған шашасына шаң жуытпас ақындардың сөз сайысында ақтөбелік он бес жасар жыр перісі Аян Сейітов: “Бұл шаңырақ құрылыстың ғана емес, Айтыстың да құрылысын жасағандай” деп тіліне тиек еткендей. Сіз соңғы 6-7 жылдан бері атамұра өнеріміздің туын желбіретіп, ұлттық құдіретін көркейтуге еркін тыныс берсеңіз, айтыс Сізді иісі мұсылман жұртшылығына “Атымтай Жомарт” ретінде кеңінен таныстырды. Қазір көрнекті меценат Амангелді Ермегияевты еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейінгілердің білмейтіндер: кемде-кем. Осы қанғасіңді өнерді демеуге Сізге кім қозғау салды? – деп, Әбекеңді сөзге тарттық.

- Бұрын да, қазір де мемлекеттік тілді өз тұғырына көтерудің түрлі айла-шарғылары жасалып жатыр. Ана тіліміздің қадірін әспеттемеу – ұлттың тамырына балта шабу. Ал, ұлттың тілін тілімдеп, үлттығын жою оның мемлекеттігін қирату деген сөз. Ендеше, Айтыс – қазақ тілінің шымырлап шығып жатқан қайнар көзі. Бұл қайнардың көзін ашпай, одан қанып ішіп сусындамай ана тіліміздің, қазақ ұлтымен қоса жасайтын дәстүр-салт, әдет-ғүрпымыздың көсегесін көгерту мүмкін емес. Олай болса, айтыс өнеріне жасалған демеушілік -тамыры да, тарихы да тереңде жатқан қазақ ұлтының өзіне тән ерекшелігін жарқырата даралауға жасалған қамқорлық. Біз айтыстың жылма-жыл құрамының жасара түсуі арқылы әрі суырыпсалмалық қабілетінің мейлінше жетілуі арқылы “айтыс ескірген өнер, онда келешек жоқ” деп өзеурейтін қайсыбір сыңарезулердің көмейіне құм құйып отырмыз. Яғни “Алматықұрылыстың” құрылыс материалдары уақыт сұранысына сай әлемдік стандартқа қалай ыңғайластырылып жатса, айтыс деген жыр “құрылысының” да қадір-қасиетін кемел биікке көтеруге күш-қуат жұмсап отырмыз. Әрі сол биікке жеткізетінімізге сеніміміз мол. Бұл – ана тілінің ертеңіне даңғыл жол ашу деген сөз. Қазірдің өзінде Өмірұзақ Сәрсенов сынды белгілі меценаттардың араға жылдар салып жыр сайысына қол ұшын созуға қайтып оралуында да үлкен мән жатыр. Болашақта “ұлтым” деп жанын шүберекке түйетін намысты қалталылардың саны молыға түседі деген сенім зор. Оны кезекті соңғы жыр додасына жан-жақтан жинақталып, бес бірдей машина тігілуінің өзі-ақ айғақтайды, – дейді Амангелді Дінұлы.

Расында да А.Ермегияевтың демеушілік жасап отырған саласы тек атамұра өнерімізбен ғана шектелмейді. Оның мемлекетіміздің “Мәдени мұра” бағдарламасын жолға қоюға да белсене араласқаны шындық. Өнер шаңырақтарына да, жекелеме өнер адамдарына да, сондай-ақ, қаламгерлеріміздің шығармашылық жұмыстарына да әрқашан қолдау көрсетіп, олардың кітаптарын тарату мен кештерін үлкен сахналарда насихаттауға демеушілік жасап отыратын да Әбекең. Өзі өсіп-өнген Алматы облысы, Райымбек ауданының “Жалаңаш” елді мекенінің мектептерін еурожөндеуден өткізіп, мешіт, Мәдениет үйлерін қайта салдырып, оқушыларына стипендия тағайындаған кәсіпкер осы игі дәстүрін республика өңіріндегі көптеген мәдениет ошақтарында жалғастыруда. Оны біреулер білсе, біреулер білмей жатады.

Амангелді Ермегияев – қазіргі таңдағы қазақтың аса көрнекті меценаты. Ол ұлтымыздың өнеріне, мәдениетіне қаржылай қамқорлық жасап жүрген қайраткерлердің ең алғашқы көшбасшыларының бірегейі. 2000 жылы қазақтың күй сайысы өнерін жаңғырту мақсатында алғаш рет Алматыдағы Республика сарайында өңір-өңірден жинақталған күйшілерді ұйымдастырып, осы өнердің ұлттық болмысын жарқыратуға атсалысты. Жеңімпаз күйшілерге екі автокөлік мінгізді. Шертпе күй дәстүрінің кешеуілдеп қалғанын байқаған ол Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория жанынан әйгілі күйші Мағауия Хамзин атындағы сынып ашуға қаржы бөлді.

Бір жылдан соң осы оқу орнында Тәттімбет атындағы арнайы шертпе күй сыныбын ашып, оған қажетті оқу-жарақтары мен аспаптарын, тіпті, стол, орындықтарына дейін алып берді. Бұл күнде шертпе күйге ыңғайы бар 15 студент осы сыныпта дәріс алады. Оларға және дәріс беретін екі ұстазға арнайы стипендия мен жалақы тағайындалған. Сөйтіп, Әбекең қазақтың қасиетті қара домбырасының қоңыр үнін өз ұлтымен қайта қауыштыруға жол ашты. Орыстың П.И.Чайковскийінің де әлемге атын әйгілеген Ермегияевтай “Атымтай Жомарттар” еді.

Қазір Тәттімбет сыныбынан Арқа мен Қаратаудың көне сазы төгіліп тұр – дейді Құрманғазы атындағы Ұлттык, консерваториясының профессоры, Тәттімбет атындағы шертпе күй сыныбының жетекшісі, алғашқы республикалық күй сайысының бас жүлдегері Біләл Ысқақов.

Иә, белгілі меценат А.Дінұлы өмірден қағажу көрген қарттар үйі мен тағдырдың тауқыметін тартқан жетім балалар үйін де, асыраушылары жоқ отбасыларды да қамқорлық аясына алған. Оның сыртында шетелдік спорт жарыстарына, қайсыбір халықаралық өнер фестивальдарына спорт саңлақтары мен өнерпаздарымыздың Ермегияевтың қаржылық қолдауымен барып қайтып, жоғары биіктерден көрініп жүргендері қаншама! Әдебиет, мәдениет, өнер салаларын ыстық ықыласында аялаған ол 1994 жыпы ¥лы Абайдың туғанына 150 жыл толу мерекесін дүбірлете тойлауға, сондай-ақ, араға жылдар салып жалғасын тауып жатқан халқымыздың біртуар ұлдары Махамбет, Райымбек, Сүйінбай, Жамбылдың мерейтойларын өткізуге де демеушілік жасағаны жұрт жадында. Оған республикамыздың маңдайына басқан руханият жанашыры – “Қазақ әдебиет” газетінің 70 жылдық мерейтойын тағы қосыңыз.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын еселеудің басты көзі – құрылыста екенін, оның қарқынын жедел өркендету қажеттігін тілге тиек ете отырып, ұлттық өнеріміздің, әдебиет пен мәдениетіміздің еңсесін алдыңғы қатарлы аппауыт елдер өркениетіне деңгейлестіре көтеруге де баса назар аударған болатын. Ендеше, құрылыс ісіндегі жетістігімізді мемлекеттік тіл мен күллі рухани әлемімізді гүлдендіруге ұластырып отырған Әбекеңнің де, ол басқарып отырған “Алматықұрылыс” кызметкерлерінің де қазақстандықтарға бергені де, берері де мол, – дейді компанияның бірінші вице-президенті, белгілі құрылыс маманы Мекеш Утин.

Бүгінгі таңда құрылыс саласындағы ұлт ажарын айшықтап отырған компания ел ырысын әлі де еселей берсін дегіміз келеді.

 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English