Қоғамдық қызметтер
просмотреть заставку
просмотреть заставку

1991 жылы Атырау облысының су тасқаны зардабын көрген тұрғындарына көмек беру мақсатында “Атырау+барлық Қазақстан” телемарафоны өткізілді. Жиналған қаржыға 500 тұрғын үй тұрғызылды, 100 бала санаторийда демалды (оның 50 – Германияда), 170 комплекті сырт, аяқ киім жиналып берілді. Бұл компанияның қайырымшылықтағы алғаш қадамы болатын.

Алматықұрылыс жанында “Бозторғай”, “Ветеран”, “Жарылғап батыр” қорлары құрылған. Бұл қорлар көп балалы отбастарына, соғыс ардагерлерімен құрылыс зейнеткерлеріне, мүгедектерге, балалар үйлерімен мектеп-интернаттарға тікелей қаржылай, киімдей, дәрімен коммуналдық қызметтер ақысын өтеуге көмек беріп келеді. Еліміздің Бейбітшілік, Мәдениетпен Өнерді қолдау, Академик Қаныш Сәтбаев атындағы, Табиғатты қорғау қоғамдық қорларына қаржылай көмек көрсетілді.

Компанияның демеушілігімен бірнеше елге белгілі және жас әртістердің концерттері, жас таланттардың шетелдік гастролдері, мәдени кештер ұйымдастырылды. Алматықұрылыс айтыстың бас демеушісі. Компания жанында “Ақ жарқын” атты фольклорлы-этнографиялық оркестр құрылды. Оның негізін консерватория, театр-өнер институтын бітірген, бірақ жұмыссыз жүрген талантты жастар құрады. Жыл сайын Әсет Бейсеуов атындағы Республикалық музыкалық фестиваль өткізіліп отырылады.

Құрманғазы атындағы консерватория мен сәулет-құрылыс академиясының талантты жастарына 20 грант тағайындалды. Консерваторияда “Шертпе күй” класы ашылып, толық жабдықталды. Оның 16 студентіне қосымша стипендия, екі мұғаліміне қосымша жалақы тағайындалды. Алматы облысы Жалаңаш ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті. Мектеп жанында суға жүзу бассейні салынды. Қосалқы шаруашылық ұйымдастырылды. Оқушылардың спортпен музыкадан мектеп бағдарламаларына қосымша білім алуларына қаржы бөлінді. Компьютерлік класс ашып, оның Internetке қосылу программаларына компания демеушілік көрсетті.

Қазақстанның жазушыларымен ақындарының кітаптарының баспадан шығуына және газет, журнал редакцияларына демеушілік көрсетіліп келеді. Жыл сайын қазақ тіліндегі 300 дана газет журналдарды шалғай мекендердегі тұрмыстары нашар отбастарына, ардагерлермен зейнеткерлерге компания қаражатымен жазылу және оларға осы басылымдарды жеткізу дәстүрге айналып келеді.

Алматы облысы Жалаңаш, Қарғалы ауылдарының 500 отбасына, 850 соғыс және құрылыс ардагерілерімен зейнеткерлеріне компания Жаңа жыл, Наурыз, Әйелдер күні, Жеңіс күні мейрамдарына қарай ақшалай, заттай, тамақтай көмек беріп келеді.

 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
Холдинг және қоғам
Қоғамдық қызметтер
 кадр саясаты
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Фурманов көшесі, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
nhc_ak@almatykurylys.kz
hkbag@nursat.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English